УОС
[ скачать ]
Бүкіл Батыс Еуропаны дерлік басып алған фашисттік Германия анти кеңестік одақ құру жөнінде белсенді дипломатиялық әрекетін өрәстетті.1940 жылы қыркүйекте Берлинде Гермения , Жапония және Италия арасында үш жақты шартқа қол қойылды, жылдың аяғында оған Венгрия, Румыния және Финляндия Қосылды. Жаулап алынған елдердің өнеркәсібі түгелдей Германияның әскери-экономикалық қуатына қосылды. Бермахтың әскери экономикасы бұрын болмаған деңгейге жетті, әсіресе танктер,ұшақтар мен соғыс кемелерін шығару қисапсыз өсті. Гитлер осыларды пайдаланып және тұтқиылдан шабуыл жасау арқылы КСРО- ның негізгі қарулы күштерін аса қысқа мерзімде күйретеміз, сөйтіп соғысты 1941 жылдың күзіне қарай аяқтаймыз деп есептеді.
КСРО –ға қарсы агрессияның «Барбаросса» деп аталған жоспары соғыс басталмастан бұрын дайындалды.Фашистік Германия басшыларының алдына қойған басты қойған міндеттерінің бірі Кеңес мемлекетін өздерінің басқарруына ыңғайлы болу үшін бөлшектеу.Бұл үшін Кеңес Одағын «Мәскеу» («Ресей») (Мәскеу, Тула, Ленинград, Горький, Вятка, Қазан, Уфа, Пермь), «Остландия»(Белоруссия мен Прибалтика), «Украина»(Украина, Ресейдің Волга өңірі,Воронеж), «Кавказ»(Армения,Әзірбайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты отар елдерді құруды жоспрладыү.Сонымен қатар фашистер кеңестік Азия жерінде «Түркістан», «Еділ-Жайық» деген буржуазиялық қуыршақ мұсылман мемлекеттерін құруды көздеді.Осыдан соң олар Баранцев теңізінен Қара теңізге дейінгі кеңістікте бір мезгілде шабуылға шықты.
Кеңес Одағының құрамында 2,9 млн. Адамы бар 170 дивизия оларға қарсы тұрды. Қызыл Армияның жауынгер техникасының жартысынан көбі, әсіресе танк, мотоатқыштар мен ұшқыштар құрамалары қайтадан немесе енді ғана құрылып жатқан болатын, оны 1941 жылдың соңы мен 1942 жылы аяқтау жоспарланған. Танкілер мен ұшақтардың жаңа түрлері енді ғана игеріле бастаған. Сондықтан да Сталин әр түрлі саяси және дипломатиялық амалмен соғыстың басталуын кешеуәлдетуге әрекет жасады.Ал Гитлер Кеңес Одағына шабуыл жасаудан бұрын өзінің қатерлі бәсекелесі Англияны күйретуді жоспарлады.Бірақ мұны іске асыру бір өзінің қолынан келмейтініне көзі жеткен соң ол 1940 жылы күзде Кеңес үкіметіне «Ось» блогына (Германия, Италия,Жапония) кіруге ұсыныс жасады.Ондағы мақсаты бірлесе отырып Англияны талқандап, оның отрларын өзара бөлісу еді,дәлірек айтқанда Кеңес Одағына АҚШ, Ангиия Франциядан оқшауламақболды.Сөйтіп Кеңес Одағының басшылығы бұл ұсынысты қабылдамады,
1937-1938 жылдары Сталиндік жаппай жазалаудан Қызыл Армия көп зардап шекті, ол ең таңлаулы білікті командирлерінен айырылды.1939 жылы әскери жоғары әскері білімі бар офицерлердің ара салмағы не бары 8 процент Қызыл армияның қазіргі кезде кең көлемде соғысуға даяр емес екенін көрсетті.Фюрер мен оның серіктері соғыс ашуға әзірленгенде осы осы факторларды есепке алды.Армияда орын алған ауыр жағдайдағы өзінің кінәсін жақсы білген Сталин соғыстың басталуын ең болмағанда бір жыл кешеуілдетуге бар күш-жігерін жұмсап бақты.Сонда армиядағы жүріп жатқан қайта құрулар мен жаіа әскери техникамен жарақтандыру аяқталатын еді.