Тарих-и Рашиди
[ скачать ]
Мұхаммед Хайдар Дулати- қазақтың есімі әлемге мәшһүр тұңғыш тарихшы ғалымы, кемеңгер ойшылы, аса дарынды қаламгері, әдебиет зерттеушісі, этнограф. Ұлы ғалымның әкесі Мұхаммед Хусейн кезінде Моғолстан мемлекетінің билеушісі болған Сұлтан Махмұд ханның туған қарындасы Хуб Нигар ханымға үйленген. Дәлірек айтсақ, Хайдар Дулатидің анасы Хуб Нигар ханым- Моғолстанның әміршісі Жүніс ханның кенже қызы Ал Жүніс ханның тұңғыш қызы Михр Нигар ханым - аты әлемге әйгілі Захириддин Мұхаммед Бабырдың анасы.
Сонымен, Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд өзінің күйеу баласы Мұхаммед Хусейнге Ташкент маңайындағы Оратөбе өңірін сыйға тартады.Міне соңда Ташкент шаһарында 1499жылы ( хикра жыл санауы бойынша- 905 жылы)
Хайдар Дулати - өз заманы үшін жан-жақты әрі аса терең білім алған ғұлама адам. Тарих ғылымы, поэзия, музыка, сәулет өнері, зергерлік салалары бойынша оған дәріс берген ұлы Бабыр, Сұлтан Саид хан сияқты орта ғасырдың аса көрнекті ғұламалары еді.
Хайдар Дулатидің әкесі Мұхаммед Хусейн Шайбани ханның қолынан қаза табады. Әкесі қайтыс болған соң, 1509 жылы Хайдар Дулати сол кезде Кабул уәлаятын билеп тұрған өзінің туған бөлесі Бабыр патшаның қарамағына барады. Ал Бабыр өзінің атақты «Бабыр-наме» атты мемуарлық кітабында Хайдар Дулатидің ақындық талантын, білімділігін, садақ жебесін жасаудағы шеберлігін аса жоғары бағалаған.
Сұлтан Саид хан Қашқар елінің билік тағына отырған кезде, дәлірек айтсақ, 1514жылы ХайдарДулати осында келіп, Қашқар билеушілерінің бірі болады. Сондай-ақ ол ханның мұрагері Әбу ар-Рашидтің ұстаз-тәрбиешісі болып тағайындалады.
Panasonic Lumix DMC-FZ150