Шу дастаны
[ скачать ]
«Шу» дастаны - қазіргі түркі тектес халықтардың арғы тегі саналатын сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы.«Шу» дастанын ғылыми негізде дұрыс пайымдау үшін біздің заманымыздан бұрынғы төрт мыңыншы жылдың орта кезінде сақтар даласында болған кейбір тарихи оқиғаларға назар аударғанымыз жөн сияқты. Ол үшін алдымен сақтар тарихынан мол дерек беретін Берел қорымынан табылған археологиялық олжалар туралы бірер сөз айта кетейік.
Сақтар дәуірінен бізге үзік-үзік күйінде жеткен ерлік дастандарының кейбір күңгірт тұстарын айқындап алуға археология ғылымы саласындағы соңғы жетістіктер өз септігін тигізіп келеді. Мәселен, Ә. X. Марғұлан атындағы археология институты ұйымдастырған Қазақ-француз-итальян біріккен халықаралық археология экспедициясы 1999 жылы бүкіл ғылыми әлемді дүр сілкіндірген жаңалық ашқаны мәлім. Бұл экспедиция Алтай тауы етегіндегі Берел қорымынан (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы) бұдан екі мың төрт жүз жыл бұрын жерленген сақтардың көсемі («тәңірқұты») мен патша (әйелінің табиттағы мәйітін тапты. Ең ғажабы- көсемге құрбандыққа шалынған он үш жирен сәйгүліктің денелері де мәңгілік тоң астында жатып, жиымра төрт ғасыр бойы бұзылмай, шірімей, сол күйінде сақталған. Бұл қорымнан табылған заттар мен оларға бедерленіп салынған сан қилы суреттер, ою-өрнектер, аңдар мен құстардың мүсіндері, т.б. кейбір ежелгі дастандардың мүсіндері, т. б. кейбір ежелгі дастандардың сюжетін айқындай түсуге мүмкіндік берді.
Берел қорымынан табылған сақтар көсеміне құрбандыққа шалынған аттардың саны неліктен он үш болған деген сауал туады.