Мұстафа Шоқай
[ скачать ]
Ел тәуелсіздігі, бас азаттығы үшін күрескен көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары санаулы еді. Олардың санаулы болса да, ал¬мақ асу, атқармақ шаруалары асқақ, биік болатын. Бірақ, өкі¬нішке қарай, ол мақсаттарға бас¬талмай жатып балта шабылды. Айтулы азаматтар айдаһар-қо¬ғамның аузында кетті. Мұстафа Шоқай да сол құрбандардың бірі еді... «Әділеттілік үстемдік құ¬ра¬тын кез келеді, бірақ ол 50 жыл¬ға кешігіп жетеді» деген халық батыры Бауыржан Момышұлы¬ның сөзі бар-ды. Мұстафа ақи¬қатының айтылар күні де енді ғана туғандай.Мұстафа кім? Елінің патриоты ма, әлде сатқын ба?
Мұстафа Шоқайдың бүкіл түркі халықтарының басын біріктіретін бір мемлекет құрғысы келгенін тарихтан білеміз. Ол бейбіт саясатты қолдады. Бүкіл іс-әрекеті, өмір жолы оның бейбіт те азат азамат болғанын көрсетеді. Халқын да сондай кейіпте көргісі келді. Оның осы жолда өмірлік серігі болған Мария Шоқайдың естеліктері де осы¬ның дәлелі: «Мұстафа Шоқай шен¬құмарлықтан аулақ болатын. Бірақ өзі қаламаса да, алдыңғы қатарда болуға мәжбүр еді. Ол Түркістанда Швейца¬рия тәрізді мемлекеттік жүйенің болға¬нын қалайтын және армандайтын. Түр¬кістан халқын қазақтар, қырғыз¬дар, өзбектер, түрікмендер, тәжіктер мен қарақалпақтар құрайды деп білетін. Бұлардың ішіндегі саны жа¬ғынан ең көбі қазақтар еді. Саяси ин¬трига мен адамдардың жағымпаз¬ды¬ғына жиіркенішпен қарайтын. Ешбір ұлтқа дұшпандығы болмайтын. Мақа¬лаларының бірінде «Рязань мұжық¬тары» деген ұғымды қолданып, орыс ұлтына антипатиялық көзқарасын білдіргенін айтқанымда, ол маған: «Мен халыққа қарсы емес, халықты басқа¬рып отыр¬ған басшыларға қарсы, сөз¬бен күре¬судемін. Бұның екі арасын ажырата білу керек, кейде саяси дема¬гогия да қажет. Егер мен күннен-күнге сепаратист болып бара жатсам, оған да кінәлі орыстардың өздері».
Шындығында, қазақтар сол кезде түркі халықтарының ішінде жетекші рөлге ие болатын. Бірақ ол осы жетек¬шілігін сол кезде Мұстафа айтқандай, пайдаға асыра алмады. Бәлкім, сол кез¬дегі саяси жағдай осы арнамен кеткенде қазақ одан кейінгі жылдардағы неше түрлі зобалаңдардан аман қалар ма еді?
удаленный системный администратор