Хрущев Н. С
[ скачать ]
Осы кезеңде өндірісті баскаруды жетілдірудің, ғылыми-техникалык прогресс екпінін жылдамдатудың, ауыл шаруашылығының артта қалуын жоюдың жолдары қарастырылды. Экономикалык іс-шаралардың біраз бөлігі басқаруды жаңаша ұйымдастыруға, одақтас республикалардың шаруашылық құқықтарын кеңейтуге бағытталды. Бүл Қазақстанның коғамдық өмірінің дамуына қолайлы әсерін тигізді. Экономикалық дамудың қарқыны артты. 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар салынып, іске қосылды. Олардың қатарында Жезқазған кен байыту, Өскемен тау-кен жабдықтарын жасау зауытының, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының бірінші кезектері, Ақтөбе хром қоспалары зауыты, Шымкент гидролиз зауыты, Қарағанды, Семей және Шымкент цемент зауыттары болды. Осының бәрі 1958 жылы Қазақстанға өнім шығаруда одақтас республикалар бойынша 3-орынға шығуға мүмкіндік жасады. Қазақстан өнеркәсібін дамытудың негізгі бағыты етіп өндірісті механикаландыру таңдап алынды.
Қазақстандағы экономикалық дамудың қарқыны жұмысшы табының жаңа мамандарын даярлауды талап етті. Еңбек резервтерінің жүйесі бір бесжылдың ішінде ел экономикасына аса қажетті мамандықты меңгерген 50 мың жұмысшы даярлады. Дегенмен мамандар даярлаудың бұл жүйесі өсіп келе жатқан қажеттіліктерді қанағаттандыра алмады. Жұмысшылар қатары республикадан тыс жерлерден келгендер есебінен толығып отырды. Бұл құбылыс әсіресе Қарағанды көмір бассейні, Шымкент, Жамбыл, Ақмола және Алматы өнеркәсіп кәсіпорындарында байқалды. 1951-1955 жылдары ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарындағы мамандар саны 1,8 есе өсті. Нәтижесінде қала халқының саны қарқынды түрде өсіп, 1959 жылы 44%-ға жетті.