Батыс түрік
[ скачать ]
Батыс түрік қағанатының этникалық, экономикалық-әлеуметгік саяси құрылысы "Түркі" сөзі (қытайша "туркюе") б.з. VI ғасырында бірінші рет (бір) көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Бұл ғасырда түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Қыгайлар Тумынь деп атаған (түркі жазбасында Бумин) империяның негізін қалаушы тұлға 552 жылы дүние салды, оның ағасы Естеми (қытайша Шедеми) Батысты жаулап алған, 576 жылға дейін өмір сүрген. Бастапқыда ағалы-інілі екеуі бір-біріне тәуелсіз болған, түркілердің мемлекеті және батыс түркілердің мемлекеті деп атаған.Сексен жылдай өмір сүрген кезінде Түркі қағандығы дамудың биік сатысына көтерілді. А.Н.Бернштам бұл жөнінде мынадай қорытынды ұсынды: "Ертедегі түркілердің қоғамдық құрылысы феодаддық қатынастардың ең ежелгі формаларының бірі болып саналады. Түркі қағандығы Манчжуриядан Босфор — Киммерияға (Керчен шығанағы) дейін, Енисейдің жоғарғы ағысынан Амударияның жоғары ағысына дейін созылып жатты, яғни Түркі империясы ірі табыстарға ие болды. Осылайша Түркі қағандығы саяси және мәдени мұрасы арқылы Орта Азия мен Оңтүстік шығыс Еуропаға едәуір әсер еткен алғашқы еуразиялық империяны құрушылар болды. Қағандықтың Оңтүстік аймағын Бумын қағанның ағасы Естеми билеген кезде түркілер батыста өздерінің әскери қуатының биік шыңына жетті.
Түркі империясы тұсында (VІ-VІІ ғғ.) Орта Азияның экономикасы мен мәдениеті гүлденіп өсті. Сауда, жер өндеу және қолөнер өте тез дамды. Жібек керуені Қытайдан Византияға қарай Бұхара, Самарқан, Ташкент, Қашқар, Турфан арқылы үздіксіз ағылып жатты. Түркі империясының құрылуы мен ыдырауы түркі халықтарының Батысқа қарай жылжуына алып келді. Шығыс пен Батыс мәдениеті араласып, бірін-бірі байытты.