Қазақстанда халық шаруашылығын кайта құрудың аяқталуы
[ скачать ]
Қазақстанда халық шаруашылығын кайта құрудың аяқталуы (1934-1940 жж)2-бесжылдық кездерінде Қазақстанның халық шаруашылығына 5,2 млрд. сом мөлшерінде қаржы бөлінді. Социалистік жарыс, оның жаңа формасы — стахановшылар қозғалысының еңбек энтузиазмы 2-бесжылдық тапсырмаларының табысты орындалуын қамтамасыз етті. Балқаш мыс қорыту заводы, Ақтөбе химия комбинаты қызу қарқынмен салынды, Қарағанды көмір бассейнін, Ембінің мұнай байлығын игеру онан әрі жалғастырылды. Кенді Алтайдың өнеркәсіп орындарын қайта жабдықтау жөніндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілді, тамақ және жеңіл өнеркөсібінің кәсіпорындары салынды. Қалалар көп салынып, олардың тұрғындарының саны артты. Республиканың ауыл шаруашылығын біржолата социализм жолына көшіруге бағытталған жұмыстардың зор комплексі жүзеге асырылды, халқының жанқиярлық еңбегі нәтижесінде 2-бесжылдық жоспар мерзімінен бұрын, 1937 жылдың 1 сәуірінде, яғни 4 жыл 3 айда орындалды.
Республикада 120 ірі өнеркәсіп орындары салынып, мың километрден астам жаңа темір жол желісі іске қосылды. Өнеркәсіп өнімдерінің республика халық шаруашылығының барлық өнімдері ішіндегі үлес салмағы 56,8%-ке жетті. Қазақ шаруалары ТОЗ-дар мен мал серіктіктері арқылы ауыл шаруашылық артельдеріне өтті. 500 мыңнан астам көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар отаршылдыққа айналды.
Колхоздар ұйымдық және экономикалық жағынан нығайды. 2-бесжылдықтың аяғыңда Қазақстанның ауыл шаруашьшығында социалистік өндірістік қатынастар біржола бекіді. 1937 ж. Қазақстан колхоздары республика шаруалары шаруашылығының 97,5%-ін біріктірді, олар егістіктің 99,8%-ін өңдеп, жалпы астық өнімінің 84,4%-ін ендірді. Колхоздар мен совхоздарда, басқа да мемлекеттік және кооперациялық кәсіпорындарда, соңдай-ақ колхозшылардың жеке шаруашылығында бүкіл малдың 99%-іне жуығы болды. 193 совхоз және 287 машина-трактористлары (МТС) жұмыс істеді.