Саяси партия
[ скачать ]
Партиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партиялардың тегі ежелгі замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті Ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық саяси үйірмелер мен клубтар ретінде болды, олардың қатысушылары билік және билікке ықпал ету саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына таралды. Алғашқы көпшілік (массовые) партиялар Англияда (либералды-1861ж.), Германияда (Жалпы Герман Жұмысшылар Одағы -1863ж.) пайда болды. ХХІ ғасырдың соңында бұқаралық партиялар негізінен социал – демократиялық бағыттағы партиялар Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты.Саясаттанушылар көпшілік саяси партиялардың пайда болуының негізгіекі себебін атайды:1. Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау құқығының таралуы.
2. Тап тартысы, жұмысшы табының ұйымдық дамуы, ол өз партиясын құра бастады.Оған қарсы саяси партиялар да пайда болды.
Өркениет жетістіктерінің бірі ретіндегі саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірдің қажетті институты болып қала беруін жалғастыруда.Уақыт өткен сайын мынадай мәселенің пікірталасқа айналғаны шындық: бізге партиялар керек пе әрі қазіргідей көп санда, мысалы Ресейдегідей, Қазақстандағыдай ?
Өзінің өркениетке жатпайтын әдісімен саясат ағымының «қайығын тербететіні» жасырын емес.Бұл бір жағынан.Ал екінші жағынан қоғам осындай саясаттың ұжымдық субъектілерінсіз не күте алады? Тарих мемлекет пен қоғамның арасында осындай байланыстырушы, делдал буын болмаса, биліктің (әсіресе төтенше жағдайлар кезінде) бонапарттық режимге өтіп кетуі мүмкіндігін көрсетті. Тап осы партиялық құрылымдардың азаматтық қоғамды мемлекеттің «семіртіп» жіберуіне кедергі жасайтын әлеуметтік тканнің органикалық өсуіне жағдай жасайтынына тәжірибе дәлел болады.Сонымен, саяси партиялар қазіргі қоғам өмірінде елеулі рол атқаруға арналған. Саяси партиялар – бұл кез келген дамыған саяси жүйенің қажетті элементі.
Видео и аудио приколы! Анекдоты, афоризмы, картинки,
приколы. Лучшие приколы, смешные шутки.