Гендерлік саясат
[ скачать ]
ЖОСПАР:
1. «Гендер» ұғымының анықтамасы. Гендерлік теңсіздіктің қалыптасуы.
2. Гендерлік теңсіздік.
3. Қолданылған әдебиеттер.
Ағылшын тілінен аударғанда гендер «тек» деген мағынаны ( ағыл.gender – тек, грамматикалық ұғым: мысалы орыс тіліндегі женский род, мужской род, средний род) білдіреді. Американдық сөздікте оның тағы бір мағынасын табуға болады, мұнда гендер термині қай топқа, тапқа санатқа жататындығын көрсететін қатынас көрінісі. Басқаша айтқанда, гендер бір нысан мен бұрыннан белгілі басқа заттың қатынасын білдіреді.
Яғни, гендер тап ішіндегі бір нысанға не индивидке сол тап ішіндегі ұстанымды, сондай-ақ қалыптасқан таптардың басқаларға қатысты ұстанымын белгілейді және бекітеді. Гендер дегеніміз- әлеуметтік қатынас (биологиялық жыныс емес); немесе әрбір жеке тұлғаның арнайы әлеуметтік қатынастар терминіндегі көзқарасы.