Балаларды әлеуметтік қорғау
[ скачать ]
Өткен жүзжылдықта үшінші Еуразиялық революция тыныш та,қантөгіссіз болып,өзімен бірге байырғы тәрбие жүйесін де жойып тынды.Мұның зардабы ең алдымен тұлға қалыптастыруда жетекші маңызға ие болған қоғамдық және отбасы тәрбиесін күйзеліске түсірді. Қоғамдық(әлеуметтік)тәрбие-"адам-адами" қатынастары желісінде жүргізілген тәрбие,яғни тікелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер(қайырымдылық қорлары,ұйымдарды,қорлар,бірлестіктер т.б) тарапынан болатын істер.
Қоғамдық тәрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы зерттейді.Оның пәні-тұлға қалыптастырудағы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары.Дәлірек айтсақ,отбасы,ресми ұйымдар,бұқаралық ақпарат құралдары,діни руханият мекемелерінің қоғам мүшелеріне жасайтын әсерлері сарапталады.
Әлеуметтік педагогика шұғылданатын және бір өмір саласы-бұл ересектер мен кәрілер тәрбиесі,нарықтық экономика қыспағынан өзгеріске келген адамаралық қатынастар,аяусыз бәсекелестіктер жағдайына жеке тұлғаларды икемдестіру.Сонымен бірге бұл педагогика саласын қызықтыратын мәселелер-қызмет бабында көтерілу,әйел-қыздар тәрбиесі,кәсіптен қанағат табу,балалар тәрбиесі,жұмыстан бос уақытты пайдалы ұйымдастыру.Адамдарды рухани кемелдерге орай діни мекемелермен белсенді байланыс жасау проблемалары да осы әлеуметтік педагогиканың айналысатын шұғыл міндеттерден тұрады.
Қоғамдық тәрбие өркениетті елдерде тұрақты тәрбиелік іске айналып,кәсіби деңгейге көтерілген.Бұл сала батыстық педагогика ғылымында “әлеуметтік жұмыстар”атамасымен қабылданған.Бізде осы терминді қолданып жүрміз.