Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы
[ скачать ]
Қазақстан Республикасының Конституциялық мемлекет ретінде қалыптасу барысы республиканың конституциялық заңдылықтарын үнемі жетілдіріп отыру міндетін алдыға тартады. Конституциялық реформа үздіксіз, созылмалы құбылыс. Қазақстан Республикасында болып жатқан түбегейлі өзгерістер конститутциялық заңдылықтарды ынталы түрде жаңартып отыруға негіз болуда. Ол өз кезегінде көптеген конститутциялық өзгерістерге жаңаша көзқараспен қарап, талдауды талап етеді. Қазіргі уақытта құқықтың ұлттық жүйесін құрау процесі қызу жүріп жатыр, сондықтан да осы барыста республиканың конституциялық құқығының негізі институттарын зерттеп тану айрықша маңызға ие болып отыр. Қазақстан Республикасы жаңа Конститутциясының республикалық референдумда жалпыхалықтық дауыс беру жолымен қабылдануы қазақстан мемлекеттігінің қазіргі кезеңіне сай келетін конститутциялық құрылыстың жаңа санаттарын жан-жақты зерттеу міндетін де жүктейді. Қазақстан Республикасының Конститутциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қазақстан қоғамын демократияландыру процесінде қарышты бір қадам болды.