Операциялық жүйе
[ скачать ]
ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР. ФАЙЛ. ФАЙЛ ЖҮЙІЕСІ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ.
Программа – магниттік мәлімет сақтауышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген есептер бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар жиыны арқылы шығарылады.
Компьютердің жұмысы операциялық жүйе (ОЖ) арқылы басқарылатыны, ал пайдаланушының машинада түрлі информацияны өңдеу үшін арнайы дайындалған програмаларды пайдалануы тиіс екені көрсетілген болатын. Оларды бірге қосып компьютерді программалық қамтамасыз ету, не қамтамасыз дандыру программалары деп атайды.
Практикада берілгендермен оларды өндеу үшін құралған программалардың түрлері көп. Мысалы, студенттердің мәліметтік тізімдері, оларды дискіде сақтап, өндеу: бухгалтерияда айлық және стипендия ақпарат тізімдерін дайындау: статистикалық, ғылыми есептерді шешу программалары т.б. Оларды қолданбалы программалар деп, бір мақсатта пайдаланылатын программалар жиынтығын қолданбалы програмалар пакеті деп атайды.
Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған жүйелік программаларда жеткілікті. Олар негізінен мынындай кластарға бөлінеді :
Қолданбалы жүйелік программалар.
Операциялық жүйе (ОЖ).
Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б.. Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды.