NC жұмыс техникасы. Қолданушы менюімен жұмыс
[ скачать ]
NORTON COMMANDER операциялық қабықшасындағы жұмыс ерекшеліктері. Norton Commander операциялық қабықшасы қазіргі уақытта ең таралған DOS-тың өзгертпесі болып табылады. Ол DOS-тың командамен басқарылатын интерфейсін «мәзір» типті қолданушының интерфейсіне ауыстырылған. Бұл операциялық қабықшаның дербес компьютер қолданушыға ұнағаны соншалық, Windows-пен жұмыс атқарса да, Norton Commander-ді «файл манипуляторы» ретінде қолданады. Себебі, Norton Commander өте қарапайым, онымен жұмыс жасауға ыңғайланып кетуінен, және де ол ДК ресурстарын экономды түрде жұмсайды.
Панельдер. Каталогтарды алмастыру.
MS DOS жүйесінің командаларымен жұмыс істеуді жеңілдетуге арналған түрлі жүйелік программалар бар. Олардың ішінде жиі пайдаланылатыны NC пакеті (NC – сыртқы жетекші программа). Оның орындайтын іс әрекеттері – файлдармен және каталогтармен жұмыс істеуді жеңілдету.
Мысалы :
Экранға дискідегі каталогтар мазмұны жазылған екі тақта шығару.
Бірінші деңгейлі каталогтан ішкі каталогқа, ішкі каталогтан бірінші деңгейлі каталогқа өту.
Com, Exe, Bat – типті файлдарды іске қосу.
NC үшін функциональды клавиштердің орындайтын іс - әрекеттерін қалыптастыру.
Файл мазмұның экранға шығарып, оныңмазмұнымен танысуға мүмкіндік туғызу.
Ыңғайлы тәсіл бойынша файлды көшіру, атын өзгерту, жою не орнын ауыстыру.
Жаңа каталог құру, оны жою.
Тестік файыл құру, оны редакциялау, т.б..
NC алғашқы рет іске қосылған кезде экранның оң және сол жақ бөліктеріне тік төртбұрышты бірдей екі панель шығады да, оларда ағымдық винчестерлік дискіде жазулы каталог мазмұны көрінеді. Оның үстіне әр панельдің жоғарғы жағында каталогтың аты да жазулы тұрады. Ал командалық жол панельдердің төменгі бірінші жолға орналастырылады.
Экран бетіне шыққан тақталардың бірінде бір каталог не файл аты сұр түсті тік төртбұрыш ішіне орналастырылып қойылады. Ол NC – тің осы каталогты не файлды ағындық етуге дайындаған белгісі. Әдетте оны NC не панель белілемесі деп атайды. Курсорды басқаруклавиштерін пайдаланып, белгілемені сол панельде жоғары, төмен жылжытуға болды. Ал оны бір панельден екінші панельге өткізу үшін TAB клавишін басса болғаны. NC белгілемесінің қызметі – каталогтарды алмастыруды не com, exe, bat типті файлдарды іске қосыду жеңілдету, т.б..
вода обратный осмос