Компьютердің құрылымы
[ скачать ]
Мазмұны:I. Кіріспе
II. І бөлім
Электрондық есептеуіш машиналардың дамуы мен қазіргі ғылым мен техникадағы маңызы....
III. Негізгі бөлім...
Компьютер конфигурациясы. Ішкі компоненттер
Процессор....
Аналық плата.....
Чипсет..
Оперативті жад..
Қатқыл диск
Графикалық жеделдеткіш.....
TV/FM-тюнер.....
Дыбыстық карта
Корпус..
Салқындату құрылғысы.
Желілік карта.....
IV. Қорытынды......
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. І бөлім
Электрондық есептеуіш машиналардың дамуы мен қазіргі ғылым мен техникадағы маңызы
ІІІ. Негізгі бөлім
Компьютер конфигурациясы. Ішкі компоненттер
Процессор
Аналық плата
Чипсет
Оперативті жад
Қатқыл диск
Графикалық жеделдеткіш
TV/FM-тюнер
Дыбыстық карта
Корпус
Салқындату құрылғысы
Желілік карта
ІV. Қорытынды
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Компьютердің құрылымы
Мақсаты: Компьютердің құрылымы мен оның дұрыс жинақталуының техникалық маңыздылығын зерттеу
Міндеттері: 1. компьтер құрылғысының даму тарихына шолу;
2. компьютердің басты құрылғыларын сипаттау
3. компьютердің перифериялық құрылғыларын сипаттау
4. компьютер құрылымының техникалық шарттарын қарастыру.
Гипотезасы: компьютер құрылымын білу мен бөлшектерін дұрыс анықтау – маманның біліктілігінің кепілі
Таңдалған тақырыптың өзектілігі: қазіргі кезде ғылым мен техника үздіксіз қарқынды дамып келеді. Адамзаттың жұмыс іс-әрекеттерді жүзеге асыруындағы кез-келген салада заманауи техникалық құрылғылар орын алып, күннен-күнге көптеген өндірістік және ғылыми операцияларды элекронды машиналар көмегіп атқарып отырғанына күнделікті көзіміз жетуде. Осы орайда есептеуіш жұмысының негізгі принциптерін, құрылымын тереңірек зерттеп, оның басты деген құрылғыларын айқындауды ұйғардық.
Есептеуіш машиаларының жұмысы негізінен оның құрылымына байланысты. Есептеуіш машиналар құрамындағы әр құрылғының, элементтің өзіндік маңызы мен атқаратын ролі бар.
Белгіленген мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда сараптамалық, салыстыстырмалық, проблемалық, индукциялық, дедукциялық, практикалық, ақпаратты жинақтау және сұрыптау әдіс-тәсілдері пайдаланылды.
Электрондық есептеуіш машиналардың дамуы мен
қазіргі ғылым мен техникадағы маңызы
Қазіргі кезде адамзаттың тыныс-тіршілігі электррондық құгрылғылардың жұмысына негізделген. Ғылымда, медицинада, техникада, ғарыштануда, т.б. көптеген салаларда кездесетін электрондық аппараттар адм жұмысын күннен-күнге жеңілдетіп, дами түсуде. Қарапайым тұрмыстық тіршілікте де автокөліктермен қатар көптеген жетілдірілген құрылғылар қолданылып келеді: шаңсорғыш, бейнекамера, кір жуатын машина, компьютер, фотоаппарат, т.с.с.
Электрондық құрылғы – жұмыс жасау негізіне электроника принциптері салынған бұйым және оның құрамдық бөліктері.
Электроника – электрондық құрылғыларды жасақтау мен зерттеуді, оларды қолданудың принциптерін зерттеуді қамтитын ғылым саласы. Электрониканың дамуының негізінде электрондық құрылғылардың орындайтын функцияларының үздіксіз күрделіленуі жатыр. Белгілі бір даму этаптарында ескіә құрылғылар көмегімен берілген мінцдеттерді атқару мүмкіндігі жойыла бастайды, мысалы, электрондық лампалар мен дискреттік транзисторлар көмегімен. Сондықтан, элементтік базаның әрі қарай жетілдірілуі қажет болады. Жаңа элементтік база негізіндегі электрондық құрылғыны жасақтаудың негізгі факторлары – сенімділік, гаабариттік өлшемдер, масса, құны мен қуаты.
Қолданылатын элементтік базасына байланысты электрондық құрылғылардың дамуының негізгі төрт сатысын атап көрсетуге болады.
І саты (1904-1950) – электровакуумдық құрфылғылар негізіндегі элементтік базалар;
ІІ саты (1950 ж. басы – 1960 ж. аяғы) – құрылғылардың элементтік базасында дискреттік жартылай өткізгіштік құрылғылар;
ІІІ саты (1960-1980) – микроэлектрониканың қарқынды дамуымен байланысты, алғаш интегралдық микросхемалар қолданыла бастады;
ІV саты (1980 – қазіргі кез) – үлкен интегралдық схемаларды қолдану негізінде электрондық құрылғыларды микроминиатюризациялау.
Қазіргі кезде жаһандық ақпараттандыру кезеңді бастан кешірудеміз. Сол себептен барлық салаларға электрондық құрылғылар негізіндегі машиналар мен автоматтар жаппай енгізілуде. Ғарышты қашықтан басқару және бақылау станциялары, қашықтан оқыту, пайдалы қазбаларды зерттеу, ультра дыбыстық медицина, лазерлік операциялар жасау, өндіріс пен технологияны автоматтандыру, дүнежүзілік ұялы байланыс, жерсеріктік арналар, күрделі тәжірибелерді виртуальды модельдеу, т.б. жетістіктерді электрониканың дамуынсыз елестету мүмкін емес. Көп таңбалы сандары бар есептерді шығарып, алынған жауаптарды бірнеше мыңыншы дәрежеге енгізу тағы бар.
Сбываем мощные
токарные станки и фрезерные станки. Пуско-наладка и обучение