Есептеуіш техника
[ скачать ]
Жоспар:Кіріспе
1. Алғашқы жабдықтар
Негізгі бөлім
1. Электронды есептеуіш техникаларының дамуы.
2. ЭЕМ-нің алғашқы даму сатысы
3. ЭЕМ дамуының екінші сатысы
4. ЭЕМ-дың үшінші даму сатысы
5. ЭЕМ дамуының төртінші сатысы
Қорытынды.
Алғашқы жабдықтар.
Адамзат қашан есептеп үйренгені туралы біз білмейміз. Бірақ, қарапайым сандарды есептеу үшін қол саусақтарын пайдаланғанын айтуға болады. Ал егер сіз есептер шешімін есінде сақтап, саусақтардан көбірек сандарды есептегініз келсе ше? Ол үшін ағашқа не тастарға жазуға болады. Археологиялық қазбалар дәлелдегендей ежелгі адамдар жоғарыда аталғандай іс-әрекеттер істеген екен. Сондай бір құрылғылардың ең алғашқысы Чехия және Моравиянің Дольни Вестоници аймағында табылған кесілген сүйек болып табылады. «Вестоництік сүйек» атанған бұл зат б.з.д. 30 мың жыл қолданып келген. Кейін одан күрделірек есептеу жүйелері құрастырылғанмен бұл құрал шумер билеушісі Гудеаның билеуі кезіне дейін қолданылды.
Адамның бүкіл өмірі қалай болса да ақпаратты алу, жинақтау өндеумен байланысты. Сіз кітап оқып отырсаңыз да, теледидар қарасаңыз да сіз әрқашан және толассыз ақпарат өңдеп отырасыз.
XXI ғасырда ғылым өте тез қарқынмен дамып келеді. XV ғ. кітап басу ойлап табумен 1895 ж. радио ойлап тапқанға дейін 440 жыл өтсе, кейін радио мен теледидар ойлап табуы аралығында тек 30 жыл ғана өткен. Транзистор мен интегралды схеманы ойлап табу арасы 5 жылды құрады.
Ғылыми ақпаратты жинақтау облысына келсек, XVII ғ. бастап, оның көлемі әр 10-15 жыл сайын екі еселеніп отырды. Мысалы, қазіргі уақытта білікті маман өзінің жұмыс уақытының 80% оның мамандығы жаңалықтарын бақылап отыруға жояды. Ақпараттың көбею және оған деген сұраныстың өсуі ақпаратты өндейтін автоматтандырылған өнеркәсіп саласының пайда болуына әкеп соқты.
Мәлімет ақпараттың диалектикалық құрылымды, негізгі бөлігі. Ол тіркелген сигналдар жиынтығын құрайды. Бірақ, физикалық тіркелу тәсілі әр түрлі болуы мүмкін: денелердің механикалық қозғалуы, олардың пішінінің өзгеруі немесе сырт аумағының сапасының өзгеруі, электрикалық, оптикалық, химкалық, магниттік, қасиеттерінің өзгерісі. Тіркелу әдісіне қарай мәлімет түрлі мәлімет сақтаушыларда жинақталуы мүмкін.
Ең кең тараған, бірақ ең арзан емес мәлімет сақтаушы – бұл қағаз. Қағаз бетінде мәлімет оның бетінің оптикалық қасиеттерін өзгерту арқылы тіркеледі. Бетінің оптикалық қасиеттерін өзгерту арқылы CD дискілері де жазылады. Магниттік қасиеттерін өзгертіп тіркелетін мәліметтерге мысал ретінде магниттік дискілерді келтіруге болады. Химиялық құрамын өзгерту арқылы тіркелу әдісі фотографияда кеңінен қолданылады. Биохимиялық деңгейде мәлімет жинақталып тірі табиғатқа беріледі.
Мәлімет сақтаушы қасиеттерінен ақпараттың толықтығы, жеткіліктілігі, ақиқаттылығы секілді қасиеттері тәуелді болады. Мәліметтерді сақтаушыларды өзгерту мақсатымен ақпаратты өзгерту информатика ғылымының негізгі, әрі маңызды мақсаты болып келеді.