Ұлттық банк
[ скачать ]
КІРІСПЕ.
Менің курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. Ұлттық банктің негізгі мақсаты - пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады және де мемлекеттің Ұлттық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі.
Ұлттық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақшы тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Ұлттық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды.
Ұлттық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әртүрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-епозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын басқару арқылы реттейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне қосымша міндеттер жүктеледі: Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар