КР инвестициялық саясаты: мәні және жүзеге асырлуы.
[ скачать ]
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржылық ресурстар, өздерінің жүктелген міндеттеріне ие болып, ал оның реттеушілері қоғамның алға дамуынын анықтауышы факторы болып есептелінеді. Сонымен қатар еліміздегі мол табиғат ресурстары, қоғам мен экономиканың дамуының мемлекеттік стратегиялык максаттарын қорландыру және қор жинау механизмдерін жоғалтып, бүгінгі күнді ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.
Экономика-әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі ірге тасы, ол материялдык өндірістің даму дәрежесін сипаттайды,қоғамдағы аса маңызды барлық үрдістерді белгілейді. Себебі, нарықтық қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету үшін,ол елде –бәсекелестік шешуші роль болып атқарылады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін, өте қатал бақылауды тексеру кажет. Соның нәтижесінде ғана нарықтық қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асады. Сондықтан аудит жұмысының қажеттілігі, көптеген себептермен анықталады. Біріншіден, кәсіпкерлер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз ету үшін; екіншіден, өз жұмысын өзі сенімді түрде басқару, жүргізу үшін; үшіншіден, кәсіпкерлер өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және де өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болу үшін.
Шаруашылық субъектісіне қазіргі уакытта тиімді жұмыс істеу үшін нақты инвестициялар керек. Олар кәсіпорынды қаржыландыру үшін негізгі капиталына және материалды-өндірістік қорлардың өсіміне салымдар ретінде табылады.
Осыған байланысты бұл курстық жұмысымнын такырыбы қаржылық инвестиция, яғни «Инвестиция саясаты: мәні жүзеге асыру нысандары» түрінде бекітіліп алынды. Қазіргі таңда бұл тақырып бүгінгі күннің талабын қанағаттандыратын ең негізгі тақырыптың бірі болып отыр.