Қазақстанның зейнетақы жүйесі:
[ скачать ]
Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой - өрісінің қайта қалыптасуын талап етеді. Қазіргі заманғы демократиялық қоғам қалыптастыру идеясынан туындайтын, стратегиялық мақсаттарды шешу жолдарын нұсқап, отандық әрі әлемдік экономикалық проблемаларды көтере алатындай болуы қажет. Міне, осындай өзекті міндеттерді қалыптастырамыз.
Қоғамдық қатынастары жүйесінде экономикаға ерекше орын беріледі, себебі ол саяси, құқықтық, рухани және басқа да қоғамдық, өмір саласын мазмұнын анықтайды.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 22 бағытында жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту саясатын айтып кеткен болатын. Мұнда Үкімет жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге тиіс. Неғұрлым өзекті міндеттер мыналар: Біріншіден, зейнетақылық жинақтаулардың сақталуы мен кәрілік жеткен кезде олардың жетерлік мөлшерде болуы жөнінде мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету. Екіншіден, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен барынша қамту.
Біз зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1,1 триллион теңгеден асып түсті. Бұл тұтас алғанда 2007ж қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012ж қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009ж. 25%, 2010ж. 25% және 2011ж. 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011ж. арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50% дейін өсіруге тиіс.
Жалпы Қазақстанда зейнетақы жүйесі 1998ж. құрылған болатын. Қазіргі таңда ең төменгі зейнетақы – 12 600 теңге, ал жоғарғысы – 26 000 теңге