Магматизм
[ скачать ]
Магматизм – жер қыртысының құралуында атқаратын ролі зор, ең маңызды эндогендік геологиялық процесстердің бірі болып саналады. Жер қыртысын құрайтын тау жыныстараның 95%-і магмалық процесстердің нәтижесінде пайда болады.Магматизм – өте күрделі геологиялық процесс.
Бұл процесс магманың жер қыртысында (немесе одан да терең (қабаттарда) пайда болып, кейінірек жоғарғы қабаттарға немесе жер бетіне көтеріліп (бірітіндеп суына келе), кристалдық денелер түрінде магмалық тау жыныстараның түзілуімен аяқталады.
Сонымен магма (магма грекше – қою май, қамыр деген сөз) дегеніміз еріген газдармен қаныққан, негізгі құрамы силикаттық балқыған қою заттар. Магманың құрамында жер қыртысын құрайтын химиялық элементтердің (оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий( барлығы да кездеседі. Әсіресе, ұшпалы (жеңіл) компоненттердің (су буы, күкіртті қосындылар, көмірқышқыл газы, хлорлы және фторлы сутегі, хлорлы аммоний, сутегі, азот және т.б.) көптігімен сипатталады. Олар жердің ішкі терең қойнауында байқалатын өте жоғарғы қысым күштеріне байланысты еріген күйде кездеседі. Бұл жағдай магманың қоюлығын азайтып, оның қозғалу немесе жылжу жылдамдығының (химиялық активтігі) өсуіне әсерін тигізеді. Эксперименттік зертеулер бойынша, магманың құрамындағы ұшпалы компоненттердің мөлшері 12%-ке дейін жетеді.