Дүние жүзінің ауыл шаруашылық географиясы
[ скачать ]
Кіріспе.Ауыл шаруашылығы-адамның өмірлік қарекетінің ең ежелгі бір саласы, оның түп тамыры ғасырлар мен мыңдаған жылдар тереңінен басталады. Ауыл шаруашылығының маңызы зор екенін бүгінде онымен жер шарының еңбеккер халқының жартысына жуығы шұғылданатынынан-ақ білуге болады. Әрине, бұл цифрдың сыртында елдер бойынша үлкен айырмашылықтар бар екені анық.
Адамның іс-әрекетінің барлық түрлерінің ішінде ауыл шаруашылығын табиғатпен де бәрінен де тығыз байланысты. Дүние жүзіндегі тұрғындары ауыл шаруашылығымен және оған іргелес салалары – орман шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Осы ауыл шаруашылық салаларымен бүкіл дүние жүзі бойынша 900 миллион адам жұмыс істейді екен.
Қазіргі ғылыми техникалық революция дәуірінде адамзат баласына пайдасы да, табиғатқа зияны да қатар жүргізіледі, неге десеңіз химиялық тыңайтқыштарды кеңінен әрі бақылаусыз қолдану олардың едәуір бөлігінің өзендер мен көлдерге барып түсуіне әкеліп, өсімдікке, адамдардың денсаулығына зиянын тигізеді.Қазіргі кезде ғылыми техникалық революцияның дамуына байланысты зиянды химиялық қалдықтарды яғни қалдықсыз, немесе сауатты пайдалану болып отыр.