Орта сынып оқушыларының дене тәрбиесі
[ скачать ]
Орта сынып оқушыларынының дене тәрбиесі
Орта сынып оқушылары қатарына V- VIII сыныпта оқитын 12-15 жастағы оқушылар жатады.Осы жастағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
1. Денені жан-жақты,үйлесімді дамыту, дұрыс дене түзулігі мен сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне қарсылық әдеттерін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыру.
2. Негізгі базалық спорт түрлері жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы спорты, суға жүзу жаттығуларын ары қарай үйрену, жетілдіру.
3. Дене қуаты қасиеттерін кеңістікте үйлесімді, епті қозғалуды, жылдамдықты,күш-жылдамдығын, күшті, төзімділікті, икемділікті ары қарай дамыту.
4. Жеке бас гигиенасы, дене тәрбиесі жаттығуларын ағзаның негізгі жүйлеріне әсері, өнегелілік және жігерлілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі бақылаудың тәсілдері туралы білім мағлұматтарын беру.
5. Негізгі спорт түрлері, жарыстар,снарядтар мен кұрал-жабдықтар, сабақ кезіндегі техника қауіпсіздігі және жарақат алған кезде бірінші көмек көрсету туралы мағлұматтарды тереңдете оқыту, іскерлік дағдысын қалыптастыру.
6.Таңдап алған спорт түрлері жаттықтыруларымен, өз бетімен күнделікті дене тәрбиесі жаттығулармен тұрақты, жүйелі айналысу әдеттерін тәрбиелеу.
7.Сабақ бөлімдерін, жарыстар, әр түрлі жаттықтыру жұмыстарын жүргізудегі төрешінің, команда капитанының, спорт нұсқаушысынын ұйымдастыру іскерліктерін қалыптастыру.