Пейзаж. Жыл мезгілдері
[ скачать ]
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1- тарау. Пейзаж жанрының түсінігі мен жалпы даму
ерекшеліктері 5
1.1. Пейзаж жанрының жалпы түсінігі 5
1.2. XIX ғасырдағы пейзаж жанрындағы орыс суретшілерінің
еңбектері 5
1.3. Қазақстан суретшілері, олардың пейзаж жанрына қосқан үлесі 8
2 – тарау. Пейзаж жанрының негізгі ерекшеліктері мен мәні 14
2.1. Пейзаж жанрының мәні 14
2.2. Қысқы және жазғы көріністер 17
2.3. Жұмысқа қажетті құралдар 20
2.4. Пейзажды мектепте оқыту әдістемесі21
2.5. Менің курстық жұмысым 22
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25
Қосымшалар 26
КІРІСПЕ
Пейзаж - француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез – құлқын айнытпай беруге тырысады. ХVII ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады.
Кез – келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен, осы элементтерді, әсіресе, ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әйтпесе, пейзаждың суреті өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады, барлық ағаштар бірдей болып шығады, жер мен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен бұлттар өзіне тән формаларын жоғалтады.
Пейзажда көз ұшына кетіп жатқан кеңістік сезілуге тиіс, ал әрбір ағаш өзіне тән белгілерімен көрінуі керек. Бейне бір ағаштың жеке дара портретін – діңгегін, бұтақтарын, ағаштардың ұшар басының, жапырақтардың және жапырақ топтарының сипатын беру керек.
Ағаштың суреті келесі күні сурет пен түпнұсқаның арасындағы дәлме – дәл сәйкестікті еш қиындықсыз табуға болатындай етіп салынуға тиіс.
Әсіресе, ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф.Васильевтің «Жаңбыр алдында», К.Юонның «Қ ыс соңы», С.Герасимовтың «Жаз өтті», К.Коровиннің «Көктем», И.Айвазовскийдің «Тоғызыншы балл», т.б. көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы бейнеленген. Мысалы, теңіз бейнелеудің асқан шебері И.Айвазовский өзінің «Одессадағы айлы түн» атты шығармасында портты қаланың түнгі тыныс – тіршілігін аса нанымды түрде көрсетеді. Ай сәулесімен шағылысқан аспан мен су бетін бейнелеген қызғылт сары бояу түсі адамға айрықша әсер етеді. Түн самалымен тербелген су толқындары жалт – жұлт етіп жатыр. Су бетінде жүзген кеме, қайықтар көрінісі мұндағы тынымсыз тіршілікті паш етіп тұрғандай.
Қазақстан суретшілері Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, С.Мәмбеев, О.Таңсықбаев, Ұ.Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А.Черкасский «Көктем», Ә.Қастеев «Шәлкөде жайлауы» Ү.Әжиев «Асы жайлауы», Ә. Ысмайылов «Хан тәңірі». Ж.Шарденов «Қыс», т.б. шығармалар Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етеді.
Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің шегін анықтап алу керек. Әдетте көкжиек төмен деңгейде болғанда суреттің төменгі шегін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары болған кезде төменгі шекті мүмкіндігінше төменірек алуға тілек пайда болады.