Коркыт туралы аңыз
[ скачать ]
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз
2. Қорқыттың өліммен күресі
3. Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздері.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз
Қорқыт ата - түркі халықтарының бәріне ортақ ұлы ойшыл-кемеңгер, жырау, күйші-қобызшы. Ол туралы деректер бізге үш түрлі жолмен жеткен. Бірі - ел аузындағы Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар, екіншісі - тарихи шежірелер, үшіншісі - «Қорқыт ата кітабы».
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылғы 12 қарашада «Қорқыт және түркі әлемі» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысушыларға арнаған құттықтауында төмендегідей пікір айтты: «Түбі бір түркі халықтарының ортақ ойшылы саналатын атақты ақын, дәулескер күйші, философиялық мазмұны аса терең аңыздардың кейіпкері Қорқыт бабамыз - баршамыздың рухани болмысымыздың алтын арқауы болып табылады. Егемендікке қолжетіп, өзінің өткеніне көз жіберебастаған қазақхалқы үшін Қорқыт бабамыз қалдырған гуманистік ниеттегі дидактикалық мұралардың маңызы өзгеше зор дер едім. Өйткені оның осыдан он ғасырдан астам уақыт бұрын айтқан өсиет қағидалары қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен дежақсы үйлесім тауып отыр.
«Өлген кісі тірілмес, өткен қайтып келмес», - дейді абыз өзінің сөзінде. Иә, өткенді қадірлеуге, одан сабақ алуға болады, бірақ оған қайтып оралу жоқ екен, тек ілгері ұмтылу қажет. Осы қарапайым айтылған кемел ойды келешегіне үлкен бағдар белгілеп, әлемдік өркениет көшіне ілесіп, Орталық Азияның Барысы болуға бекем бел байлап отырған бәріміз де мұқият зерделесек болады.
Аңыз бойынша Қорқыт бабамыз артына адамның өлімнен қашып құтылмайтындығы, оның ғұмырын жарық дүниеде бітіріп кеткен жасампаздық ісі мен өшпес өнері ғана жалғастыра алатындығы туралы данышпандық пәлсапалық байлам қалдырды. Осы ғаламат ой әрбір саналы жанның ғұмыр бойы темірқазық етіп ұстар бағдаршамы болуға лайық десек, қателеспейміз...»(67,1).
«Қорқыт ата кітабы» - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы түрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы - VІІ-VІІІ ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққатараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық, т. б. мәнін жоймаған, аса құнды көркем туынды.
Ал Қорқыт атаның өзі туралы бұл тақырыпты ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә. Марғұлан төмендегідей пікірайтады: «Қорқыт - тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтақ Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән-күйлер қазақпен түркімендерде көбірек жолығады» (76, 135).