Халық ағарту ісі
[ скачать ]
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ағарту ісінің басты бағыттары.
2. Абай Құнанбайұлы
3. Шоқан Уәлихановтың
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы», Алматы 2005.
2. Ж. Қасымбаев «Қазақстан тарихы», Алматы 2004.
3.Н. Мыңжан «Қазақстаның қысқаша тарихы»
4. Қазақстан тарихы очерктер.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІ
Ағарту ісінің басты бағыттары, орталықтары. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалар біртіндеп қарқын ала бастаған коғамдың козғалыс Ресей империясының алшақ жатқан аудандарында да ағарту ісінің дамуына әсерін тигізді.
XIX ғасырдың 60-70-жылдарынан ұйымдастырыла бастаған ғылыми коғамдар, көпшілікке арналған кітапханалар, ағарту ісінің жолға қойылуы коғамдың өмірдің жандануын тездетті, оған әсерін тигізді.
Облыстық орталықтарда ашыла бастаған халыққа хат таныту қоғамдары да көп ұлтты қазақ өлкесіндегі тұңғыш мектептердің кызметіне жаңа бағыт берді. 1868 жылы кұрылған Түркістан статистикалық комитеті, 1878 жылы ұйымдастырылған Семей облыстық және кейінгі жылдары бірінен кейін бірі жұмысын жолға койған басқа да ғылыми ағартушылық мекемелер қазақ және өлкені қоныстанған басқа да ұлттар арасында ғылым мен білімнің, сауаттылықтың негіздерін таратуда белгілі рөл атқарды.
Қазақстанды зерттеуде, бірқатар еңбектер жариялауда пәрменді рөл атқарған орыс географиялык коғамының Түркістан, Батыс Сібір бөлімдері, кейіннен ашылған Семей бөлімшесі қазақ жерінде ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Абай Құнанбаңүлы Семей облыстык статистикалық комитетінің белді мүшелерінің бірі болғаны жұртшылыққа мәлім. 1883 жылы Семейде қоғамдық кітапхана ашылды. Алғашында кітап қоры 260 томнан ғана тұрған бұл кітапхана жылдан-жылға өсе бастады, кейіннен коғамдық өмірдің бір орталығына айналды.
Осы қалаға жер аударылған А.Д.Блек, Е.П.Михаэлис, А.В.Леонтьев, Н.И.Долгополов, П.Лобановский, С.С.Гросс және де жергілікті халықтың өкілдері, соның ішінде Абай Құнанбайұлы кітапханаға құнды басылымдарды жинауға ат салысты. Кейіннен Ресейдің әр түкпірлерінен осы кітапханаға көптеген журналдар, әр ғылым салаларынан кітаптар келіп түсе бастады.
Ақысыз пайдаланатын қоғамдық кітапханалар Торғайда, Орынборда. ашылды. 1876 жылы Ташкеңтте ұйымдастырылған халыктың сауатын кетеруді басты мақсат еткен арнайы комиссия да жергілікті тұрғындар ара-сында бірқатар ізгі өзгерістерді жүзеге асырды. XIX ғасырдың II жартысында өлкеде әр түрлі мектептердің ашылуына әсер еткен басты фактор, тек ағартушылық ғылыми мекемелер мен кітапханалар болып қойған жок. Патша үкіметінің отаршылдық баскару жүйесіне тілмаштарды даярлау қажеттілігі шаруашылық және шенеунік әкімшілік мұқтаждығына қызметкерлердің жетіспеуі, аралас орыс-қазақ мектептерін жылдан-жылға көбейтуді қажет етті.
Оригинальные
часы только на Gold.ua.